МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы
Он төрт жасқа толған балаларға, оқушыларға
және педагог қызметкерлерге арналған
«maqtaaral-bilim.kz» ғылыми желілік басылымы
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Дегенмен жастардың «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») әлеуметтік жобасына қатысуына кедергі жасап жатқандар да бар. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бұл мәселеге Үкімет басшыларының назарын аударып отыр

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.

Соған сәйкес биылғы жылғы шілде және тамыз айларында біз – «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығын ашып, жұмыс күші артық өңірлер санатындағы Мырзашөл өңірінің жастарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы жан-жақты ақпарат беру жұмыстарын жүргіздік.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясындағы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру барысында шұғыл түрде шешімін табуы тиіс мынадай өзекті мәселелерді анықтадық.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығымен республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылған Шымкент қаласының мектептері мен колледждерін бітірген талапкерлер биылғы 2019 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатыса алмай қалған еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағында:

«Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады», - деп жазылған.

Яғни Үкіметіміздің осы қаулысы бойынша Шымкент қаласы да, Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан облысына қарасты қалалар да жұмыс күші артық өңірге жатады және тиісінше Шымкент, Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларындағы мектептер мен колледждерді бітірген түлектер де Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер тапсыру кезінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде жұмыс күші тапшы 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының университеттерін таңдай алуы тиіс еді.

Алайда, Шымкентте және Түркістан облысында орналасқан мемлекеттігі бар, жеке меншігі бар университеттердің қабылдау комиссиялары «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына тек қана Түркістан облысының ауылдық елді мекендерін бітірген түлектер ғана қатыса алады деп Шымкент, Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларындағы мектептер мен колледждер түлектерінің Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының университеттерін таңдауларына мүмкіндік бермей қойды.

Яғни Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады», - деп айқын жазылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының талаптарын сақтаған жоқ, осылайша Шымкент қаласы түлектерінің жұмыс күші тапшы өңірлердің университеттерін таңдау құқықтарының өрескел түрде бұзылуына жол берді.

Еліміздің Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия осы мәселе бойынша шұғыл шара қабылдап, жұмыс күші көп Шымкент қаласындағы, Түркістан облысының Арыс, Жетісай, Шардара және Сарыағаш қалаларындағы мектептер мен колледждерді бітірген, жұмыс күші тапшы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының университеттерде білім алғысы келетін талапкерлердің құқықтарын толық сақтау жөнінде шұғыл шешім қабылданады деп үмітпен facebook әлеуметтік желісіндегі өзіміздің парақшамызда «ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ӨРЕСКЕЛ ТҮРДЕ БҰЗЫЛҒАНЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ?» атты мақала жариялаған едік.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2052296198398464&id=100008543105859

Сонымен бірге ABAI.KZ Ақпараттық порталында да «Шымкент жастарының құқығы өрескел бұзылып отыр» атты мақаламыз жарық көрді.

http://www.abai.kz/post/94776

Біз бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды Қабылдау Бөлмесіне де хат жолдадық.

Алайда, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Б. Асыловадан мынадай ресми жауап алдық:

«Құрметті Мырзантай Қожабайұлы!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушыларға қатысты хатыңызды қарап, алдағы уақытта еліміздің өркендеуі үшін, оның ішінде жоғары білім саласын дамытудағы қосып жатқан елеулі еңбегіңізге табыстар тілей отырып, келесіні хабарлайды.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота көзделеді.

Осы орайда, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу мақсатында бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға тиісті ұсыныстар жолданатын болады.

Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12 бабына сәйкес шағымдануға құқығыңыз бар».

Алғашқы кезде осылай деп ресми жауап бергенімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына Шымкент, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларының мектептері мен колледждерін бітірген түлектердің қатыса алмай қалуына орай туындаған өткір мәселені оң шешуді жөн көріпті.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 425 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 19415 болып тіркелді) жарық көрді.

Осы бұйрықпен Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Аталған бұйрықпен «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» жаңа редакцияда жазылды.

Аталған Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген.

Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфында «Мәңгілік ел жастары –индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру тәртібі көрсетілген және 67-ші тармағында: «Бағдарламаға сәйкес анықталған жұмыс күші артық 6 өңірдің 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасының қатысушылары болып табылады», - деп жазылған.

Қорыта айтсақ, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 425 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 19415 болып тіркелді) жарық көрді.

Осы бұйрықпен Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енді бұдан былай «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына Шымкент, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларының мектептері мен колледждерін бітірген түлектер де қатыса алады.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2097506210544129&id=100008543105859

Біз біраз уақыттан бері көтеріп келе жатқан «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін – 2050» (бұдан әрі – «Серпін») әлеуметтік жобасын жүзеге асырудың жай-күйіне еліміздің Парламентінің депутаттары да айрықша көңіл бөле бастады.

Бұған дейін де жұртшылық үшін өте өзекті мәселелер бойынша өзінің ой-тұжырымдарын ашық айтып келе жатқан халық қалаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі МҰСЫРМАН Кәрібай Иманжанұлы өткен аптаның сәрсенбісі, 2019 жылғы 02 қазан күні өткізілген Палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаевқа арнап депутаттық сауал жолдады.

Депутаттық сауалда «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін – 2050» (бұдан әрі – «Серпін») әлеуметтік жобасын жемісті жүзеге асыруға қарсылық білдіріп, кедергі жасап жатқан аймақтар да бар екені ашық айтылған.

Біз Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты МҰСЫРМАН Кәрібай Иманжанұлының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа арналған «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін – 2050» (бұдан әрі – «Серпін») әлеуметтік жобасы бойынша депутаттық сауалын назарларыңызға ұсынып отырмыз:

«Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Б.М. Сапарбаевқа

2019 жылғы 2 қазанда жарияланды

Депутаттық сауал

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен 2014 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін – 2050» (бұдан әрі – «Серпін») әлеуметтік жобасының мақсаты ішкі көші-қонды реттеу арқылы жұмыс күші тапшы, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы студенттер саны аз өңірлер мен артық жұмыс күші бар, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарында орын жетіспейтін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті болдырмау болып табылады.

Бұл бағдарлама өңірлердің ынтымақтастығын, олардың тұрғындарының өзара қарым-қатынасын күшейтіп, тұтастай алғанда, халқымыздың бірлігін нығайтуға да оң ықпалын тигізіп отырғандығы анық.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев үстіміздегі жылғы 17 мамырда өткізген еңбек және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жиында атап көрсеткеніндей, «Серпін» бағдарламасының тиімділігін арттыру керек.

Мәселен, осы бағдарламаны іске асыруға өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген 9,5 миллиард теңге қаржының жұмсалу тиімділігі ешқандай сын көтермейді.

Себебі «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша университеттер мен кәсіптік-техникалық колледждерді тәмамдаған түлектердің өздері білім алған өңірлерде жұмысқа орналасуы қанағаттанарлықтай емес: 2018 жылы жоғары оқу орындарын бітірген алғашқы түлектердің 23 пайызы ғана оқыған өңірлерінде жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ, колледждерді тәмамдаған серпіндік түлектердің 24 пайызы ғана өздері білім алған өңірлерде жұмысқа қалған.

Мәселен, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2018 жылы бітірген 145 түлектің 24-і ғана облыс аумағындағы білім беру ұйымдарында жұмыс істеуде, яғни 16,5 пайызы ғана. Сол жылы колледж бітірген 113 түлектің ішінде 6 түлек қана Жайық өңірінде қалған, яғни 5 пайызы ғана.

Осы орайда «Серпін» әлеуметтік жобасы мен жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасының мақсаты біреу болғанымен, олардың арасында сәйкессіздік барлығына назар аударғымыз келеді.

Атап айтқанда, «Серпін» бағдарламасы бойынша Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары мектептерінің түлектерін басқа 9 облыста оқыту көзделген болса, қоныс аудару бағдарламасы бойынша аталған облыстардан қоныс аударушыларды қабылдаушы өңірлер болып жұмыс күші тапшы әрі демографиялық жағдайы мәз емес 4 облыс айқындалған.

Осы ретте «Serpin.KZ» сайтындағы ақпаратты сөзбе-сөз келтірсек, «бүгінгі күні бұл жобаның дамуына кейбір аймақтардан қатысуға қарсылық білдірулері кедергі жасап жатқанын да айта кету керек».

Біздіңше, жұмыс күші жеткілікті, демографиялық жағдайы жаман емес өңірлердің «Серпін» әлеуметтік жобасына онша ықылас танытпауын түсінуге болады. Өйткені, олар, ең алдымен, жергілікті мектептердің түлектерінің өңірлік университеттер мен колледждерге түсіп, мамандық алуларына және кейін жұмысқа орналасуына мүдделі.

«Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін таппай отыр.

Мысалы, 2018-2019 оқу жылында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оңтүстік өңірлерден келген 260 студентке жатақханада орын болмағандықтан, олар үшін Петропавл қаласындағы жеке пәтерлерді жалдауға мәжбүр болған.

Сол үшін университеттің өз қаражаты есебінен серпіндіктердің әрқайсысына ай сайын 15 мың теңгеден (ай сайынғы жалпы сомасы 3,9 миллион теңге) өтемақы төлеуге тура келген.

Осыған орай, Сіздің қарауыңызға мынадай ұсыныстарды енгіземіз:

1. «Серпін» әлеуметтік жобасын жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару қарастырылған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен сәйкестендіру қажет.

Атап айтқанда, «Серпін» бағдарламасына қатысатын облыстардың санын қысқартып, тек жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын қоныс аудару көзделген жұмыс күші тапшы 4 өңірді – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын ғана қалдырған жөн деп ойлаймыз;

2. Қоныс аударушылардың отбасыларындағы мектеп бітіруші түлектерге «Серпін» әлеуметтік жобасына бірінші кезекте қатысу құқығын берген жөн. Бұл осындай балалары бар қоныс аударушы отбасылардың барған өңірлерінде тұрақтап қалуына оң әсерін тигізетін қосымша әлеуметтік қолдау болар еді;

3. «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша оқуға түсушілерді қабылдайтын университеттер мен колледждердің студенттік жатақханаларындағы орын жетіспеушілігі проблемасын арнайы қарастырып, оны шешу үшін қажетті шараларды қолдану қажет.

Бұл проблеманы оқу орындары мен жергілікті студенттердің мүдделерін ескере отырып, оларға теріс әсерін тигізбейтіндей етіп шешкен жөн.

Осы депутаттық сауалға жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-ші бабына сәйкес жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

депутаттар, «Nur Otan» партиясы

Фракциясының мүшелері

К. Мұсырман

Н. Сабильянов

З. Аманжолова».

http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/question-details/18066

Біз өз кезегімізде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша жарты миллион халық тұрып жатқан Мырзашөл өңірінің жастары мен олардың ата-аналары арасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе беретінімізді жеткізгіміз келеді.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қайымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.

 

(Бұл мақаланы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі жариялап отыр).

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.


 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ