МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Еліміз Үкіметінің http://www.government.kz ресми Интернет-ресурсында жарияланған ақпаратта айтылғанындай, алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының Мақтаарал стансасынан жолаушылар пойызын ашу жоспарланады. Бұл туралы 2015 жылдың 18 наурызы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті.

 Еске салайық, жалпы отырыста «2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.

«Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан Мақтаарал өткізу пункті ашылғаннан бері қазақстандық жүк айналымы артып келеді. Былтырдың өзінде 40 мың тонна жүк тасылды, бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Шамамен жыл сайынғы жүк айналымының өсімі 10-15 пайызды құрайды. Осыған орай, біз алдағы уақытта Мақтаарал бағытында жолаушылар қозғалысын ашуды жоспарлаймыз», - деді депутаттар сауалына жауап берген министр орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Тоқтала кететін жайт, Өзбекстанмен жан-жақты қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 178 кәсіпорын құрылған, соның ішінде 143 бірлескен кәсіпорын бар. 2014 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 210,1 млн. долларды құраған.

Еске салайық, екі ел арасындағы Хаттаманың негізгі мақсаты екі елдің өткізу пункттеріне Мақтаарал стансасын енгізу болып табылады. Осының арқасында қазақстандық жүктерді Шардара су қоймасы аумағынан Өзбекстанның транзиттік теміржол учаскесін пайдалана отырып, өткізіп шығару қарастырылады.

Кез келген материалды пайдалануға maqtaaral-bilim.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

 Zaza Pachulia Womens Jersey

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ