МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Бұл жұмыста АсықАта өңірінің ауыз суына зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеулерініңнәтижесінде көрсеткіштер салыстырылғанжәнетұрғылықты халықтың денсаулығына, өміріне қауіп тудыратын, судан жұғатын аурулардың алдын алу жолдары, суды ластанудан қорғау жолдары, ауыз суды жақсартуға байланысты жоба ұсыныстармен қатар тәжірибе жүзінде іске асыру жолдары қарастырылған.

Сонымен бірге ауыз суының сапалық бактериологиялық құрамы анықталып, әсіресесудың тұздылығын тексеріп, оның жарамды, жарамсыздығын дәлелдейтін фактілер келтіре отырып және ұсыныстар айтылған. Су – біздің қазынамыз, сол қазынамыздан айрылып қалмауымыз керек екені көкейтесті мәселе екені көрсетіліп отыр.

Кіріспе. Қазіргі заманның қатерлі апаты, ерекше зауал төндіретін басты мәселенің бірі – экология.Жер шарының қандай бөлігін алсаңызда, экологиялық дағдарысқа ұшырауда.Сондайэкологиялық дағдарысқа ұшырап отырған қазақ жері,соның ішінде менің туған жерім – Шаблан Ділдәбеков ауыл әкімшілігінің Алпамыс ауылы.

«Сылдырап аққан суы жоқ, құлпырып жатқан нуы жоқ»,-деп ақын жырлағандай, негізгі басты проблема –ауыз су проблемасы.Туған өлкемнің өткен тарихына тоқталғанды жөн көрдім.Менің туған жерім – Мырзашөл деп аталған.

Ата-бабаларымыз асқарлы армандарын, ұлы мұраттарын, Мырзашөл деген бір-ақ ауыз сөзге сыйғызған екен-ау.Аңызы мен ақиқаты бірдей бір әңгімелерде қасқырдан басқа жанды мақұлықтар болмаған, ұзындығы–жүз,көлденеңі – жүз шақырым, адам баласы мекендемеген осы сахара шөлдің ортасында ертеде Мырза деген бай отырған деп баяндалады.Оның Мырза деп аталатын құдығы болған деседі. Әрлі-берлі өткенұбақ-шұбақ керуендер, жолаушы-жүргіншілер Мырзаның бекетіне жетіп тыныстап,аялдап,шөлін қандырады екен.

Ол құдықтың орны қазір Өзбекстанның Ақалтын ауданының орталығында әлі күнге дейін сақталған.Мақтаарал ауданының бұрынғы орталығы Мырзакенттен алпыс-жетпіс шақырымдай жерде.Шөлдің жай шөл емес,Мырзашөл атауына бұл әңгіменің де қатысы бар деп ойлаймыз.

Жалғыз Мырзаның құдығы ғана емес, Мырзашөлдің әр тұсында Сардоба құдықтары да аз болмаған.Сардоба дегеніміз парсы-тәжік тілдерінде «Сард» – суық, суық су деген ұғымды білдіреді.Сардоба қабырғасы шеңбер үлгісінде келетін,қазылған құдық үстіне тұрғызылатын күмбез шатырлы құрылыс.Олар Орта Азиямен басқа да шығыс елдерінің сусыз жерлерінде,елсіз жапандарында салынған.

Жаңбыр суын, қар суын, арықтардың суын жинайтын Сардобалар болған. Мысалы, Мырзашөлдегі байырғы керуен жолының бойына орналасқан күмбезді құдық – Мырзарабат сардобасы халыққа кеңінен мәлім.Ол негізінен шөл далада су сақтау, ыстық күнде судың жылымауы үшін салынған.Ата-бабаларымыз құдықты қазу үшін он екі нарды қатар жегіп,әйкел тасты сүйреп әкеліп, құдық түбіне тастайды. Алсу арқанды малдың мойына мықты болу үшін қайнатып, қазіргі замандағы крандардың тросына пара-парболады екен.

Құдық– бабадан қалған мұра.Ата-бабаларымыз асыл қазына,мұра қалдырған екен. Соныбүгінгі таңда қалай пайдаланудамыз?

Қазіргі кезеңде біздер қандай ішіп отырмыз?Су – тіршілік көзі.Сусыз өмір жоқ.Жер бетінің 70,8%-ынсу алып жатыр.Судың жалпы көлемі құрлықтан 1,4 есе көп екені ежелден белгілі.

Біз көпшілік жағдайда су дегеніміз нендей зат деп ойланбаймызда.Атмосфералық жаңбыр, қар сулары, өзен, көл сулары үйреншікті болып көрінеді.Ең қымбат зат су екенін және жаратылыстың сырымен сипатын жете білуге мән беріп, көңіл бөлмейміз. Көпшілігіміз су дегеніміз қарапайым зат деп білеміз.

Американдық ғалым,геохимик Хори:«Келешекте мұхит суынан өндірмейтін ең бағалы химиялық зат тұщы су болмақ...Ол алтыннан да қымбат бағаланады. Алтын дегеніміз – байлықтың белгісі ғана,ал су болса,өмір үшін қажет,сусыз өмір жоқ», -деп жазады.Статистика бойынша планетамызда өмір сүретін әрбір адамға күн сайын жұмсалатын су мөлшері орта есеппен 3000 литр шамасында саналады.Жер бетінде өмір сүретін халықтың 1 млрд. су қорының жеткіліксіздігіне байланысты күніне 2-3 литр ғана тұщы су жұмсайды екен.Планета халқының үштен бірі қазірдіңөзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр.

Осындай су ашаршылығына ұшырап отырған меніңде ауылым болғандықтан ауыз су проблемасын ғылыми жоба тақырыбының өзегі етіп ала отырып,өз ауылымның ауыз суыныңхимиялық құрамын, бактерологиялық құрамын зерттеу арқылы көз жеткізу, ауыз судың неден ластанып жатқандығын білу мақсатым болып отыр.

Ал егер ластанған жағдайда ауыз суды тазартудың жолдары бар ма екен? деген сұрақ көкейімде тұр.Болашақта ауылымның тұрғындары таза суға қол жеткізуі үшін не істеу қажет деген сауалдарға жан-жақты баспасөз беттеріндегі су жайындағы экологиялық проблемалар туралы материалдарды жинақтап, ойымды тұжырымдай келе, өз ұсынысымды,пікірімді білдіру үшін осы жұмысты жазу – өзімнің азаматтық борышым деп санаймын.Өйткені халықта «Атамекенін азамат қана қорғай алады» деген қанатты сөз бар. Ауылға арналған әртүрлі бағарламалар орындалу сәтіндеменің ауылыма да көңіл бөлінер ме екен деген үмітім бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ауылымның ауыз суының сапалық бактериологиялық құрамын анықтау; тұрғылықты халықтың денсаулығына, өміріне қауіп тудыратын судан жұғатын аурулардың алдын алу; суды ластанудан қорғау; ауыз суды жақсартуға байланысты жоба ұсыныстар, оны тәжірибе жүзінде іске асыру жолдарын қарастыру.

Жұмыстың маңыздылығы: ауылымның таза сумен қамтамасыз етілуі үшін халық қалаулыларына қозғау салу.

Ұсынылатынматериалдың жаңашылдығы:ауылдың ауыз суының оқушы тарапынан алғашқы рет тексеруден өткізілуінде.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы:тұщы таза ауыз суға қол жеткізудегі жоба ұсыныстарының жүзеге асырылуына бар мүмкіндікті пайдалану.

Негізгі бөлім. Су – тіршілік көзі.Мәліметтерге жүгінсек, қазіргі кезде ауыз су мен тұщы су мәселесі халықаралық көлемдегі үлкен праблеманың біріне айналып отыр.Дүниежүзіденсаулық ұйымының санағы бойынша шамамен 1,2 млрд. адам су тапшылығын өз бастарын өткізуде.Әсіресе ауыз суының гигиеналық көрсеткіштерінің жылдан-жылға төмендеп, нашарлай түсуі адамдардың денсаулығына зиянын тигізуде.Ел арасында негізінен ауру пайда болуының себебі ауызсудың 80%-ының санитарлық нормаға сай еместігінің дәлелі.

Жер бетінде су көп,алайда адамзат тұтынатын тұщы су көлемі гидросфераның 3-ақ пайызын құрайды екен.Жерді біз анамыз десек, ана алақанындағы таза суда тіршілігімізге нәр беретін –өмір-өзен.

Күн жүйесінде жерде ғана су сұйық күйінде кездеседі. Мысалы, су Шолпанда газ күйінде, Марста мұз түрінде кездеседі.Жер бетіндегі су қабатынгидросфера деп атайды.Гидросфераның 96,5% мұхиттар мен теңіздер, 1,7% мұздықтар, 1,7% жер асты сулары0,06%,өзен-көл, батпақ 2,5%тұщы су үлесіне тиеді.

Тағыда су туралы мына цифрларға назар аударсақ. Қазақстанның жер көлемі 2724,9  мың шақырым.Қазақстанда 1 шаршы шақырым ауданға 30 мың текше метр су келеді.Қазақстандағы бір жылда лас су көлемі 160 млн. текше метр. Бір жылда Қазақстанда 160 шақырым су ластанады екен.Сонда лас су таза суданекі есе көп екен. Осыцифрларды оқи отырып, сонда әр адам таза судың тамшысын ғана пайдаланса,әр адамның денсаулығы қандай цифрмен өлшенеді деген де ой келеді.

Қазақстандағы халық саны 17 млн., таза судың көлемін адам санына бөлсе, бір адамға171842,4 судан келеді.

Жер беті мен адам ағзасының 2/3 бөлігін су құрайды.Адам және жануарлар ағзасы қанының құрамы мұхит суы құрамына ұқсастығы,ағзадағы лимфаның болуы,қанның 90%-ы, бұлшық еттің 75%-ы судан тұрады. Сүйектің өзінде су 28%.Адам ағзасы 12-15% сусызданса, зат алмасу үрдісі бұзылады,егер 25%-ы сусызданса, өлім қаупі туады.

Адам үнемі сумен жаңаланып,толықтырылып тұрады,адам ағзасы 1 айда жаңаланады.Адам сусыз 3 күн,тамақсыз 1ай тіршілік ете алады.Осы мәліметтерден-ақ судың маңызы өте күшті екенін көреміз.

Сусыз тіршілік жоқ.Су – табиғаттың керемет туындысы.Дүние жүзіденсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жер бетіндегі әрбір аурудың төртіншісі су ластанудың нәтижесінен болады екен.

Ауыл шаруашылығының суды қаншалықты мол жұмсайтындығына мысал келтірейік.Мамандардың есептеуінше, бір тонна бидай өсіруге – 1200м, бір тонна күрішке – 7000м, бір тонна мақтаға – 10000м,бір адамның бір жылдық ауыздық суына – 6м су жұмсалады екен.

Су өндіріс үшін де аса қымбатқа түсуде. Бір тонна синтетикалықталшық шығаруға 1000 м су жұмсалады. Егер жыл сайын дүние жүзінде табиғаттан 7-8 милиард тонна минералдық байлық алынады десек,мұндай мөлшердегі су бір тәулікте ғана жұмсалады. Ірі жылу электр станциялары үшін де өте көп мөлшерде су қажет. Қуаты 300 мың квт. бір ғана станцияға тәулігіне 120м су қажет.Ал бұл қажеттілік келешекте9-10 есе артпақшы.

Бір текше метр пайдаланылған суды тазартуға12-15 текше метр таза табиғи су кетеді. Қазіргі кезде шаруашылық айналымына тұрақты ағыстың12%-дан астамы тартылып отырғаны таңқаларлық жәйт емес.Мәселен, Париждің бір тұрғыны күніне 40 литр, Нью-Йорктің бір тұрғыны – 600, Вашингтонның бір тұрғыны – 700, ал Римнің бір тұрғыны –тіпті1000литр су жұмсайды екен.

Бір тонна болат өндіруге орта есеппен 200-300 текше метр, су вискозға – 800,синтетикалық каучук пен жасанды талшықтарға – 2,1-3,5 мың текше метр су жұмсалады.

Америка Құрама Штаттарының қазіргі су қажеті күніне 5206 миллиардлитр, соның  ішінде біржола жұмсалатыны 296 миллиард, ФРГ-де қолда барсу қорының суды жыл сайын жартысынан астамын қазірдің өзінде тұтынуға пайдаланады (45 миллиондай текше метр). Бізде орасан көп су ресурстары бола тұрса да, кейбір аудандарда, өнеркәсіпте де,тұрмыс қажетіне де қазірдің өзінде-ақ су тапшы.

Астанада ыдысқа құйылатын судың 85 түрі сатылады, бірақ бұл судың жартысынан астамы талапқа сай емес.

Таза су – қандайсу? Таза су салқын(6-12) мөлдір,түссіз,иіссіз, бөтен дәмі жоқ,Са магний тұздары аз, адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттары жоқ және микробсыз.

Судың құрамында неғұрлым минералды тұздар көп болса, ол соғұрлым кермек, тұзды, ащы дәмі басым болады,мұндай су ішуге жарамсыз, бұндай суды ішуге болмайды. Біріншіден, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады,екіншіден, тамақ тез піспейді,кір ашылмайды,сабын көпірмейді, тіпті бұндай суды автомашиналарға да құюға болмайды. Таза судың құрамындағы химиялық заттардың мөлшері төмендегі нормадан аспауы керек.

Кесте 1

Химиялық заттардың атауы

Нормасы

Бериллий (Be2+)мг/л

0,0002

Молибден (Mo2+)мг/л

0,5

Мышьяк (As3+;5+) мг/л

0,05

Нитраттар(поN),мг/л

10,0

Полиакриламид,мг/л

2,0

Қорғасын(Pb2+),мг/л

0,1

Селен(Se6+),мг/л

0,001

Стронций(Sr2+),мг/л

2,0

Фтор(F),мг/л

 

Судың оргонолептикалық қасиеттеріне әсер ететін химиялық заттар төмендегі нормадан аспауы тиіс.

Кесте 2

Химиялық заттардың атауы

Нормасы

Құрғақ қалдық мг/л

1000

Хлоридтер(CI),мг/л

350

Сульфаттар(SO4),мг/л

500

Темір (Fe2+;3+)

0,3

Марганец(Mn2+)

0,1

Мыс (Cu2+)

1,0

Мырыш (Zn2+)

5,0

Жалпы кермектік мг*экв/л

7,0

Елбесымыз Н.Ә. Назарбаев«Қазақстан– 2030»стратегиялық бағдарламасында:«Қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту керек», - дейді.Қазіргі таңда біздегі экологиялық жағдай адам өлімінің 20%-на тең.Отандастарымыздың 1/3 сапасыз ауыз суын пайдалануда. Соныңбірі – менің ауылым. Әдеби шолуларды парақтай отырып, өзімнің ауылымның суының сапалық,бактериологиялық құрамының нормаға қаншалықты сәйкестігін тексеру үшін жасалған жұмыстар.

Сынақ бөлімі. Сараптамалық тексерулер. Орталықтандырылған су жүйесі құбырларынан арнайы мамандар шақырып,санэпидемиологиялық зертханға суды тексерту үшін алып бардым.

Өзім анық көз жеткізу үшін, зертханашының және жетекшінің көмегімен зертханалық жұмыстарды,яғни сараптамалық тексеруді өзім жасадым.

1)Судың кермектілігін анықтау үшін 100мл суға +хромоген (қара ұнтақ) құрғақ индикатор қосып, 5 мл буферлі аммиак ерітіндісін 0,1 н.трилон буфермен титрлеу,ертіндісінің түсі көгілдір болғанша немесе көк,жасыл түске енгенше титрлеу.

2)РН сутектің көрсеткішін анықтау; 7мл суды өлшеу +0,5 мл алюминдік индикатор қосу арқылы.

3)NH анықтау үшін 10 мл су +1мл Нислер реактивін қосып, сигнеттікристалл тұзын қосу. Бұл кезде ерітіндісінің түсі сары қоңыр түске енеді,осыдан NH бар екендігіне көз жеткізуге болады.

4)Фторды анықтау үшін өлшеуіш колбаға 10мл су құю, оған 5мл ализарин комплексон +0,5 буферлі ертіндіні 5мл лантан нитратын қосып, араластыру және 50 мл-ге жеткенше дистеленген су құю және 1 сағат қараңғы жерге қою.

Пайдаланылған құрал-жабдықтар – фотоэлектрикалориметр,муфельдіпеш, колба,пипитка,бюретка,пробирка.Өз ауылымның ауыз суының сапалық,бактериологиялық тексеру нәтижесі төмендегідей болып шықты.

Нәтижелерді талқылау. Зертханалық зерттеу нәтижелерін кейін мынадай қорытындыға келдім.Ауылымның ауыз суының ластануы:

1)Су құбырларының тесілуінен.

2)Жер беті жер асты суымен араласуынан,оған себеп су құбырларының ескіруі,тесілуі салдарынан жер асты сулары ауыз суын ластауда.Сапалы су жүйесі ауыз суды түрлі зиянды ластанудан сақтайды.Жоғарыда кестелерде көрсетілгендей,мемлекеттік стандарт нормаларына сәйкес сақталса, судың табиғи сапасы өз қалпында сақталады.

Ал менің ауылымның ауыз су жүйесі бұл талаптарға сай емес. Оғандәлел – біріншіден, санитарлық жағдайы төмен,айналасы көгалдандырылмаған,қоқырсық.Уақытында хлорлану жұмыстары жүргізілмейді.Су құбырларыескі,гигиеналық талаптарға сай емес.Су құбырлары гигиеналық нормаға сай болмағандықтан жердің беткі суларымен араласып кеткендіктен, ауыз судың дәмі ащы кермек, лайланған, мөлдір емес, иісі де бар,әсіресе көктем айларында түсі сарғыш болып кетеді. Судың кермектілігі жоғарылау,ол зертханалық зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Екіншіден, топырақ тұзды,оған дәлел – топырақ соры, тұзы бетіне шығып, аппақ болып жатады.

Яғни жер астындағы минералды (тұзды)сулардың жер бетінен тереңдігін бір қалыпта ұстамауы,айдау қыртысының тұздалып кетуі,тұздың жердің құнарлығына теріс әсерін тигізуі.Су – тұз режимі бар.Олрежим бойынша жер астындағы тұзды су 1,5-2,0 метрден жоғары көтерілмеуі керек.Осы жағдайды қалыптастыру үшін техникалық жағынан ақаусыз көп тармақты коллектор –дренаж жүйесін құрып,оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажет.

Ауданымыздың топырағы тұзданған. Мұндай жағдайда мақталықтан және басқа да мәдени дақылдардан жоғары өнім алу үшін ондағы тұздарды шайып, жер бетінен кемінде 2м төменге түсіру керек.Осыған байланысты мақтадан ең жоғары өнім алу үшін топырақ тұздарын қандай дәрежеге дейін төмендету керек және ол үшін қандай мөлшерде су керек деген сауал туады.Олтуралы төмендегі кестеде келтірілген.

Белгілі агротехникалық жағдайда топырақтың 0-100см. тұздану дәрежесіне қарай С-4727 мақта сортының өнімділігінің өзгеруі.

Тұздану дәрежесі

Мақтаөнімі ц/га

 

Хлорионы           Басқа тұздар

қосындысы

 

1

0,004

0,086

45,0

2

0,116

0,120

39,0

3

0,022

0,282

34,0

4

0,032

0,410

26,0

5

0,042

0,600

10,0

6

0,060

1,000

5,0

7

0,080

1,500

0,0

8

0,100

2,000

0,0

Бұл кестеден қалыпты агротехникалық жағдайда топырақтың тұздану дәрежесі қаншалықты азайған сайын мақта өнімділігі соншалықты көтеріле беретіндігін көреміз.Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдардың мәліметі бойынша,мақтаның өніп-өсуіне ешқандай кері келтірмейтін топырақ тұздарының ең төменгі мөлшері0-100см қабаттахлор ионы 0,010,ал басқа барлық тұздар 0,3%деп есептелген.

Мақтаарал тәжірибе станциясы мамандарының зерттеулеріне қарағанда, жоғарыдағы көрсеткіштер 0,005 және 0,086%-ды құрайды.Топырақ тек осындай дәрежеге дейін тұздардан арылғанда ғана әртүрлі органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі арта түседі де, жоғары өнімділікке қол жетеді.Біздерге белгілі болғандай,топырақтағы тұздарды төменге шайып түсіру дәрежесі оған жұмсалатын су мөлшеріне,оны жүргізу технологиясына және суару алдындағы жер астысуының деңгейіне байланысты.

Жердің беткі және жер асты суларын реттеп отыратын,тұзды суды соратын дренаждар жұмыс істемейді.Егер жер асты суларының қандай сулармен араласып жатқандығына келсек, оған дәлел – су құбырлары жүргізілген жерлерде ретсіз монша,әжетханалар,құрылыстарсалынған.Лас заттар қайда кетеді?Әрине, жер беті,жер асты суларымен араласып, тесілген су құбырлары арқылы ауыз суды ластайтыны белгілі.

Ауылымызда бау-бақша өсіру үшін тағыда су тапшы жер сор болғандықтан,мұныменде айналысу қиын.Су тұзды болғандықтан өсімдік өсіру өте қиын,тұзды сор топырақта қандай өсімдік өссін?

Ауаны тазартатын оттегінің фабрикасы жасыл өсімдік екені белгілі.Қанша ағаш егілседе, ол жылдан-жылға қурап,өсуі өте баяу. М

іне, бұлда қосымша проблемаға айналып отыр.Көкөніс өндіру тек қажырлы еңбекпен ғана келеді.Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін мақтаның өніміде жылдан-жылға төмендеуде.

Су тағыда химиялық заттармен ластауны мүмкін. Әсіресе, NH болуы,азот қышқылы,хлориттердің көп мөлшерде болуы өте зиян.Ал мұндай заттар судың құрамына қалай келеді. Біріншіден, суға зиянды заттардың әсіресе, малдың тезектерінен және т.б. ластанды заттардың түсуінен мұндай лас сулардан адамдарда іш-сүзек аурулары пайда болады,жұғады,адамдардың сібір жарасымен де ауруы мүмкін.

Мишьяк,хром,қорғасын,т.б.қоспалар араласса, адам уланады.Ластану көбінесе жердің беткі,жер асты суларынан болады.Судың тапшылығы, әсіресе, жаз айында біздер, мектеп оқушылары үшін өте аянышты халде.

Арнайы ыдысқа қайнамаған,қайнатылған су құйып алып келген оқушылар таласып-тармасып,әсіресе, төменгі сыныптарда суды бөліп ішеді. Бұлда гигиеналық талапқа сай емес. Алмектебімізде арнайы ағып тұрған су құбыры жоқ. Сондықтансу проблемасы мектеп оқушылары үшін де үлкен өзекті мәселе болып отыр.Жаз айларында орталықтандырылған су алатын орыннан су ақпай қалатын жағдайлар жиі болып тұрады. Солкезде канал суын ішугеде пайдаланылады.Ал каналдың суының тазалығы қайдан болсын? Олжерде адам ғана емес, мал да шомылып, тіпті өлекселер тасталатын кездер де болады. Осыайтылғандардың барлығы ащы да болса шындық.Су күніне 3-4 сағат қана ағады.Ал талап бойынша су күнделікті ырғақты жұмыс істеуі қажет екендігін арнайы мамандардың айтуынан және баспасөз, теледидар хабарламаларынан белгілі.

Суарқылы жұғатын аурулардың түрлері. Бактериялардың тіршілік етуі

Бактерия түрлері

Су құбырындағы

Өзен суы

Құдық суы

Ішек таяқшалары

2-262

21-183

-

Ішсүзекбактериясы

2-03

4-183

1,5-107

Дизентерия

15-26

19-92

-

Холерия вибрионы

4-28

0,5-92

1,92

Туляремия бактериясы

92

7-31

12-60

Бруцеллалар

8-85

-

4-122

Су безгегі –тышқандар мен көртышқандардың суды ластауынан пайда болады.

Суда фтордың көп болуы және организмге көп мөлшерде сіңуінен флюороз –тістің зақымдалуы ауруы пайда болады. Мемлекеттік стандарт 2874-73 ауыз су нормативінде фтор 1,5мг солтүстікке,ал 0,7 мг оңтүстікке норма болып есептелінеді.

Тамақ арқылы фтор ағзаға онша көп өте бермейді. Көбнесеауыз судағы фтордың мөлшері адам ағзасына ауру тудырады.Қуатты жер асты суларында фтордың мөлшері жоғары: егер құбырда тесіліп, жер асты сулары ауыз сумен араласатын жағдайда адам флюороз ауруына шалдығуы әбден мүмкін.

Ауыз су сапасыз болса, асқазан,бауыр,бүйрек, ішек ауруларына шалдығады.Мысалы, жер асты суында темір көп болады.Темір Fe(HCO3)2 түріндеболады.Көмір сутекті,ерітіндінің жалпы металдары артық мөлшері ағзаға өте зиян.

Таза су туралы бағдарламалар: 1.Таза судың сапасын арттыру үшін су жүйесін жаңарту және дамыту; 2.Ағымдағы күрделі жөндеуден өткізу; 3.Суды тазарту жұмыстарын қолға алу керек; 4.Суды үнемі хлорлау, озондау,фильтрлеу керек.Біріншіден, суды фильтрлеп, одан кейін хлорлау тиімді.Фильтрдің алдында,егер суда иіс болса (иісжер асты суында күкіртті сутек көбейгенжағдайда).Екіншіден, су өсімдік шірінділермен балдырлардың органикалық заттардың араласуынан болады. Одан құтылудың жолы белсенді көмір ұнтағын пайдалану,себебі ол ұнтақ жағымсыз иісті сіңіру қасиетіне (адсорбция) ие.

Қорытынды.Ауылымның ауыз суының сапалық бактериологиялық құрамы анықталды.Ауылым бойынша түрлі аурудың бар екені, соның алдын алу қажеттілігі нақтыланды.

Топырақтың тұздылығы тексеріліп, халық игілігі үшін мақта шаруашылықтарының өнімінің нашарлығы тағыда дәлелденді.Нақты деректерді түйіндей келе мыналарды анықтадым. Осыдансандаған ғасырлар бұрын шығыс ғұламасы Ибн Сина адамға ауру ең алдымен астан жұғатынын,соның ішінде, әсіресе ішкен суы арқылы келетінін,демек, суды тазартып пайдалану керектігін ескерткен. Сондықтансу туралы пайдалы мәліметтерді білу біздер үшін,келешек ұрпақ үшін өте маңызды.Қазіргі таңда ғылыми-техникалық өркениет тұрғысынан бас айналдыратындай жетістіктер көп,ал ауыз сумен қамту мәселесі әлі де шешілмей келе жатыр.

ХХI ғасырда табиғи ортаның, соның ішінде су көздерінің экологиялық тұрғыдан ластануы жер бетіндегі, әсіресе менің ауылымның және мен сияқты кейбір ауылдардың тіршілік иелерінің келешегіне қатертөндірмесе екен.

Су – біздіңқазынамыз.Сол қазынамыздан айырылып қалмайықшы.

Әдебиеттер

1 Бірмағамбетов Ә.,Мамырова К.Физикалық география.

2 Табиғаттың тепе-теңдік ғажаптары.

3 География және табиғат.

4 Жер қайнауына саяхат.

5 «Мақтаарал» газеті.

ТӨЛЕНТАЙ Әсем Айтжанқызы,

«Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «А» сынып оқушысы, Алпамыс ауылы, Шаблан Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: КЕРИМБЕКОВА Меруерт Ильясовна,

«Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «География» пәнінің мұғалімі, Алпамыс ауылы, Шаблан Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Кез келген материалды пайдалануға maqtaaral-bilim.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

 Robert Golden Jersey

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ