МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы
Он төрт жасқа толған балаларға, оқушыларға
және педагог қызметкерлерге арналған
«maqtaaral-bilim.kz» ғылыми желілік басылымы
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Үкіметтің арнайы қаулысын орындамай, Шымкент қаласы түлектерінің жұмыс күші тапшы өңірлердің университеттерін таңдау құқықтарының өрескел түрде бұзылуына неге жол берді?!

 

Биылғы жылдың 13 – 20 шілде аралығында «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға үміткер оқуға түсушілердің республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініштері қабылданды.

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы біздің «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі ұтып алған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығын ашып, жұмыс күші артық өңірлер санатындағы Мырзашөл өңірінің жастарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы жан-жақты ақпарат беру жұмыстарын жүргіздік.

Бізге Мырзашөл өңірінен ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласқан талапкерлер мен ата-аналарға:

- «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі, атап атқанда:

- «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары, тіл бөлімі және оқу нысаны бойынша конкурстық негізде берілетіні;

- Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) көрсететіні;

- Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан өзі қалаған білім беру бағдарламасын таңдайтыны;

- «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру тәртібі, тағы да басқа мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргіздік.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясындағы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру барысында шұғыл түрде шешімін табуы тиіс мынадай өзекті мәселелерді анықтадық.

Біріншіден, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 39 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының» 2-ші тарауының 7-ші тармағында жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өзінің тиісті құжаттарын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы тапсыратыны айқын жазылған.

Яғни Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің кез-келген орталық қалалардан шалғай орналасқан аймақтарында, мысалы, Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде, атап айтқанда, осы облыстың Мақтаарал және Жетісай аудандарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны болып табылатын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағын тапсырып, жоғары оқу орындарына түскісі келетін және жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысқысы келетін талапкерлер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына бармай-ақ, өздерінің тиісті құжаттарын https://egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталының «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» атты бөлімі арқылы тапсыруына сақадай-сай дайын тұруы керек еді.

Алайда, елімізде бірнеше жылдан бері «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, біздегі ақпараттық жүйелер талапкерлердің өз құжаттарын ақпараттық жүйе арқылы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен өз беттерінше тапсыруына әлі күнге дейін дайын болмай шықты.

Біз осы мәселе бойынша 2019 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке «Электрондық үкімет» веб-порталы ақпарат беру туралы сұрау салумен арнайы хат жолдаған едік (өтініш нөмірі 555815).

Бізге 2019 жылғы 11 шілдеде ресми жауап жолдаған Білім және ғылым министрі министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов:

«Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясының хатшысына құжаттар топтамасын тапсырады және оқуға түсушінің деректері веб-порталға енгізіледі. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясының хатшысына құжаттар топтамасын тапсырады және оқуға түсушінің деректері веб-порталға енгізіледі», - деп жазды.

https://dialog.egov.kz/questioncontroller/view?id=555815

Біздің түсінгеніміз – білім гранты конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер – оқуға түсушілер қазірше Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысында атап көрсетілгеніндей, өзінің құжаттарын ақпараттық жүйе арқылы тапсыра алмайды, тек қана жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына тікелей барып, сондағы қабылдау комиссияларына қолма-қол тапсыруы керек.

Содан кейін ғана жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттар топтамасын қабылдап алған соң, оқуға түсушінің деректерін веб-порталға енгізеді.

Тағы бір өзекті мәселенің бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығымен республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылған Шымкент қаласының мектептері мен колледждерін бітірген талапкерлердің биылғы 2019 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатыса алмай қалғаны болып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағында:

«Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады», - деп жазылған.

Яғни Үкіметіміздің осы қаулысы бойынша Шымкент қаласы да, Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан облысына қарасты қалалар да жұмыс күші артық өңірге жатады және тиісінше Шымкент, Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларындағы мектептер мен колледждерді бітірген түлектер де Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер тапсыру кезінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде жұмыс күші тапшы 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының университеттерін таңдай алады.

Алайда, Шымкентте және Түркістан облысында орналасқан мемлекеттігі бар, жеке меншігі бар университеттердің қабылдау комиссиялары «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына тек қана Түркістан облысының ауылдық елді мекендерін бітірген түлектер ғана қатыса алады деп Шымкент, Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларындағы мектептер мен колледждер түлектерінің Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының университеттерін таңдауларына мүмкіндік бермей қойды.

Тіпті кейбір мемлекеттік университеттердің өкілдері: «Бізге министрліктен осындай тапсырма келген, сондықтан Шымкент, Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларындағы мектептер мен колледждер түлектерінің құжаттарын «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қабылдамаймыз!», - деп түлектер мен ата-аналарды әуре-сарсаңға салып жатқаны туралы ақпараттар бізге көптеп келіп түсті.

Шымкенттегі және Түркістан облысындағы мемлекеттік және жеке меншік университеттердің қабылдау комиссияларында отырғандар Шымкент қаласы былай тұрсын, Түркістан облысындағы Арыс, Жетісай, Сарыағаш және Шардара қалаларындағы мектептер мен колледждердің түлектері де «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатыса алмайтынын айтып, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындарын таңдап келген талапкерлер мен ата-аналардан басқа жоғары оқу орындарын таңдауды талап еткені туралы мәліметтер бар.

Сонда Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты мемлекеттік университеттердің өкілдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағындағы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылатыны туралы қағиданы шын мәнінде білмей ме, әлде әдейі бұрламап отыр ма деген сұрақтың өзінен-өзі туындайтыны сөзсіз.

Сөйтсек, мәселе мынада екен.

Біздің жоғарыда атап көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағындағы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылатыны туралы қағида неге іс жүзінде орындалмай отырғаны туралы сұрағымызға 2019 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалған Дидар Нұркенұлы Смағұлов әлеуметтік желі арқылы былай деп жауап берді:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағы 6) тармақшасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.

Сіз сілтеме жасаған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен бекітілген.

Бұл ретте «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына қарағанда заңдық күшінің жоғары болуын ескере отырып, Шымкент қаласының 11-сыныптарының түлектері жоғары білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылары болып табылмайды».

https://www.facebook.com/mzhakyp/posts/2376244535789749

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Нұркенұлы Смағұлов осылай деп отыр.

Иә, расында да «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағы 6) тармақшасында: «6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді», - деп жазылған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының басшысы айтып отырған «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағы 6) тармақшасындағы «ауылдық квота» туралы қағидада «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы жайында нақты ештеңе айтылмаған.

Оның үстіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделетіні» туралы қандай да бір арнайы ресми құқықтық-нормативтік құжаттарды ешқайдан таба алмадық.

Біздіңше, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді», - деген қағида нақты емес.

Бұл қағиданы әртүрлі түсінуге болады.

Шындығында келсек, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағы, 3) тармақшасындағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін қарастырылған квота мәселесін де жұмыс күші артық 6 өңірдің жастары үшін қолдануға да болады.

Сол себепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағындағы: «Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады», - деп айқын жазылған қағида өрескел түрде бұрмаланып, Шымкент қаласыныдағы мектептер мен колледждерді бітірген талапкерлердің құқықтары бұзылып отыр деп есептейміз.

Егер шынында да Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағындағы «Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады», - деген қағида «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағы 6) тармақшасындағы «6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді», - деген қағидаға қайшы келіп тұрған болса, Білім және ғылым министрлігі неге осы уақытқа дейін алдын-ала ешқандай шара қабылдамаған?!

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады», - деп айқын жазылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының талаптарын сақтаған жоқ, осылайша Шымкент қаласы түлектерінің жұмыс күші тапшы өңірлердің университеттерін таңдау құқықтарының өрескел түрде бұзылуына жол берді.

Еліміздің Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия осы мәселе бойынша шұғыл шара қабылдап, жұмыс күші көп Шымкент қаласындағы, Түркістан облысының Арыс, Жетісай, Шардара және Сарыағаш қалаларындағы мектептер мен колледждерді бітірген, жұмыс күші тапшы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының университеттерде білім алғысы келетін талапкерлердің құқықтарын толық сақтау жөнінде шұғыл шешім қабылданады деп үміттенеміз.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қайымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.

 

(Бұл мақаланы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі жариялап отыр).

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Начало формы

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ