МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы
Он төрт жасқа толған балаларға, оқушыларға
және педагог қызметкерлерге арналған
«maqtaaral-bilim.kz» ғылыми желілік басылымы
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

 

2019 жылғы 12 қазан күні Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы «Асар» шағын ауданында орналасқан «№ 90 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргіздік.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім, сондай-ақ мектепке дейінгі және орта білім жүйелері бойынша «2019 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының» тапсырысымен жүргізілген тәуелсіз бағалау-сараптау жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанның ең үздік он педагогының құрамына енгізілген білікті жас маман, осынау білім ұясының басшысы Арман Шымбайұлы Орынбеков ашып, жүргізіп отырды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП мектеп оқушылары мен ата-аналарға:

- Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-ші тармағында айтылғанындай, жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылатыны;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 425 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 19415 болып тіркелді) жаңа редакцияда жазылған «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларындағы» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15173 болып тіркелді) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары;

- Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі туралы егжей-тегжейлі ақпараттар берді.

Екі сағаттай уақытқа созылған кездесу кезінде мектеп оқушылары мен ата-аналар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Қосымша ақпарат:

Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы «Асар» шағын ауданы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша бой көтерген.

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ