МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы
Он төрт жасқа толған балаларға, оқушыларға
және педагог қызметкерлерге арналған
«maqtaaral-bilim.kz» ғылыми желілік басылымы
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

 

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

«Бала құқықтары» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу конкурсы (одан әрі – Конкурс) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылып отыр.

Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша конкурстың мақсаты мен міндеті:

- Балаларды құқықтық ақпараттандыру;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс енгізу.

Конкурсқа ұсынылатын Білім беру бағдарламасының жобасына қойылатын талаптар:

- Білім беру бағдарламасының жобасы авторлардың өздері әзірлеген, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқайда жарияланбаған болуы керек;

- Білім беру бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленуі тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын Білім беру бағдарламасы жобасының құрылымы:

1) 1-тарау. Жалпы ережелер:

- Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы;

- Пәнді оқытудың мақсаты;

- Оқыту міндеттері;

- Оқу пәнінің ерекшеліктері.

2) 2-тарау. Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру:

- Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі;

- Бөлімдерінің және бөлімшелерінің тақырыптары көрсетілген оқу пәнінің мазмұны;

- Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны;

- Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны.

3) 3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

- 10-сынып: бөлімнің және бөлімшенің тақырыбы мен мазмұны, 10-сынып білім алушыларының білім нәтижесі;

- 11-сынып: бөлімнің және бөлімшенің тақырыбы мен мазмұны, 11-сынып білім алушыларының білім нәтижесі.

Білім беру бағдарламасы жобасын жасауға үлгі ретінде ұсынылатын материалдарға сілтеме:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018382#z134

Конкурсқа ұсынылатын Білім беру бағдарламасының жобасы компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Білім беру бағдарламасы жобасының мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Мәтіннің сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Мәтіннің жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, білім беру ұйымының (университеттің, колледждің, мектептің) толық атауы, ауыл, аудан, қала, облыс аттары, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурс жеңімпаздары Дипломдармен марапатталады.

Конкурсқа қатысқан барлық педагог қызметкерлерге Алғыс хаттар және Сертификаттар тапсырылады.

Конкурсқа қатысу ТЕГІН.

Конкурсқа қатысушылардың жасына және мамандығына шек қойылмайды.

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Біздің электрондық поштамыз: info@zertteushi.kz

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2019 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+7701 397 17 13, +7707 110 50 27.

Ескерту:

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, т.б. жобалар қабылданбайды және қарастырылмайды.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ